«Табиғат – біздің өміріміз» атты эссе байқауы өтті!
Эко апта аясында оқушылар экология тақырыбында өз ойларымен, шығармашылығымен бөлісті.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осындай шаралар арқылы жас ұрпақ табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық санасын қалыптастырады.
Таза табиғат – жарқын болашақ!


"Адал ұрпақ" еріктілер клубының іс-шарасы
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен оқушылар арасында адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ерекше іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды адалдық пен жауапкершілікке баулу, өз ісіне және айналасына адал болудың маңызын ұғындыру.
Шара барысында арнайы үстелге 30 дәптер қойылып, қасына ақша салатын ыдыс орналастырылды. Оқушыларға ешкімнің бақылауынсыз дәптер алып, ақшаны өз еркімен ыдысқа салу ұсынылды. Бұл арқылы олардың адалдық деңгейі мен ар-ождан сезімі байқалды.
Іс-шара мақсаты оқушылар адалдықтың — адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін түсіну. Осындай бастамалар арқылы жастардың бойында әділдікке, сенімділікке және адалдыққа деген құрмет қалыптасады.

Республика күні – ел бірлігінің мерекесі
25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күні. Бұл күн – еліміздің тарихындағы маңызды мереке, егемендіктің бастауы. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, тәуелсіздікке жол ашылды.
Осыған орай біздің мектебімізде «Республика күні – ел мерейі» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, еліміздің тарихына деген құрметті арттыру болды.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар қойылым көрсетті. Балалар хоры әсем ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында барлығы бірігіп «Атамекен» әнін орындап, мерекені ерекше рухпен аяқтады.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың жүрегіне елге деген сүйіспеншілікті ұялатып, тәуелсіз еліміздің қадірін терең түсінуге мүмкіндік береді.


Эстафета жарысы
Бүгін мектебімізде 6-сыныптар арасында қызықты эстафета жарысы өтті. Бұл жарыстың басты мақсаты – оқушылардың бірлігі мен ұйымшылдығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Әр сынып өз командасын құрып, түрлі спорттық кезеңдерден өтті. Балалар жүгіру, секіру, кедергілерден өту сияқты тапсырмаларды орындап, өз сыныптарының намысын қорғады.
Жарыс өте қызықты әрі көңілді өтті. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух танытты.
Мндай шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, достық пен бірлікті де дамытады. Эстафета оқушылардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз!

“Даналық дариясының бір сағасы…” атты поэзия кеші
Тілдер апталығының қорытындысы
Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай мектебімізде “Даналық дариясының бір сағасы…” атты поэзия кеші өтті. Іс-шара Тілдер апталығының қорытындысы ретінде ұйымдастырылып, оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
Кеш брысында Абайдың даналығы мен өнегелі сөздері дәріптеліп, оқушылар оның шығармалары арқылы қазақ тілінің көркемдігін, байлығын тағы бір рет сезінді. Әр сыныптан қатысқан оқушылар мен ұстаздар ұлы ойшылдың мұрасынан шабыт алып, өздерінің өнерін көрсетті.
Шараның мақсаты – Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың ана тіліне, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру болды
