Мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті
Мектебімізде дәстүрлі ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс бірінші акт залында басталып, онда психолог пен медбике ата-аналарға маңызды ақпарат берді.
Содан кейін әр сынып өз кабинеттерінде жиналыстарын өткізіп, ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
Жиналыстың соңында пән мұғалімдерімен кездесу акт залында және спорт залында жалғасты. Ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы ашық диалог балалардың дамуы мен білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Мектебімізде ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы – әр оқушының болашағын жақсартудың кепілі.



