турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Тұмау және зиянды әдеттер туралы дәріс

Бүгін біздің оқу орнымызда поликлиникадан арнайы маман келіп, тұмаудың алдын алу және зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері туралы маңызды дәріс өткізді. Дәріс барысында маман оқушыларға ЖРВИ-дің (ОРВИ) белгілері, оның таралу жолдары және аурудың алдын алу тәсілдері жайлы түсінікті әрі пайдалы ақпарат берді.

Сондай-ақ, зиянды әдеттердің — темекі шегу, электронды темекілерді қолдану, энергетикалық сусындарды шамадан тыс ішу сияқты әрекеттердің — жасөспірімдердің ағзасына тигізетін кері әсерлері кеңінен талқыланды. Маман бұл әдеттердің болашақтағы денсаулыққа ұзақ мерзімді зиян келтіретінін атап өтті.

Дәріс интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулық туралы білімін арттырып, дұрыс өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.