Шахмат турнирі
Мектебімізде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және зейінін арттыру мақсатында шахмат турнирі өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар тактикалық ойлау, сабырлылық және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Турнир оқушылардың интеллектуалдық ойындарға деген қызығушылығын оятып, бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
Мектеп ұжымы мұндай зияткерлік шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мектеп Президентін сайлау
Биылғы оқу жылының маңызды оқиғаларының бірі – мектеп президентін сайлау болды. Бұл шараға 8–10-сынып оқушылары белсене қатысып, өз үміткерлерін ұсынды. Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға арналған ұсыныстарын айтты.
Сайлау күні ашық және әділ дауыс беру ұйымдастырылды. Әр оқушы өз таңдауын жасырын дауыс беру арқылы білдірді..Бұл іс-шара оқушыларға азаматтық жауапкершілік пен демократиялық құндылықтардың маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
«Сайлау қорытындысы дауыс санау аяқталған соң тексеріліп, нәтижесі алдағы күндері ресми түрде жарияланатын болады.»

Футбол жарысы
Біздің мектепте қызықты да тартысты футбол жарысы өтті. Жарысқа 5–6 сынып оқушылары қатысып, өз сыныптарының намысын қорғады. Әр команда ойын барысында жоғары дайындық пен бірлікті көрсетті.
Матч барысында оқушылар шеберліктерін шыңдап, өзара қолдау көрсетіп, нағыз спорттық рух танытты. Дауыс беріп, жігерлендірген жанкүйерлер де үлкен рөл атқарды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. Мұндай шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, достық пен ынтымақтастықты арттыра түсетіні сөзсіз.
Бұл жарыс мектеп өміріндегі есте қаларлық күндердің бірі болды және жас спортшыларға жаңа жетістіктерге ұмтылуға шабыт берді.

"Тілім менің ғасырларға аманат"– Абай Құнанбаевқа арналған әдеби кеш
Бүгін мектеп кітапханасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың (1845–1904) мұрасына арналған «Тілім менің ғасырларға аманат» атты әдеби кеш өтті. Шараның басты мақсаты – Абай шығармалары арқылы қазақ тілінің байлығын, көркемдігін насихаттау және оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру болды.
Кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірді. Сонымен қатар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы қызықты деректер ұсынылып, бейнематериалдар көрсетілді.
Іс-шараға қатысқан оқушылар қазақ тілінің құндылығын, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Әдеби кеш жас ұрпақтың рухани дамуына, тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосты.
Бұл кездесудің басты үндеуі – «Тілім – менің мәңгілік мұрам, ғасырларға аманат» деген ойды әр жүрекке жеткізу болды.
Кітап – жан азығы
“Балалар кітапханасы” республикалық жобасы аясында мектебімізде 7-8-сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – жан азығы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның басты мақсаты – жазғы демалыс кезінде оқушылар оқыған кітаптарын көпшілікке таныстырып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру.
Әр оқушы өзіне ұнаған шығармасын таныстырып, қысқаша мазмұнын айтып берді. Сонымен қатар, кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ой-тұжырымдарын жеткізді. Оқушылардың бірі тарихи шығармаларды оқыса, енді бірі әлемдік классикаға, детектив жанрына немесе заманауи әдебиетке қызығушылық танытқанын көрсетті.
Осылайша, «Кітап – жан азығы» атты шара жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, жазғы демалысын тиімді өткізуінің дәлелдеді.
