турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Сурет көрмесі

Біздің мектепте эко апта аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – «Табиғат біздің өміріміз» атты сурет байқауы.

Байқаудың мақсаты – оқушыларды табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Оқушылар өз шығармашылығын танытып, табиғат сұлулығын, жан-жануарларды қорғау мен экологиялық мәселелерді өз суреттері арқылы жеткізді. Әр сурет ерекше идея мен сезімге толы болды.
Мұндай іс-шаралар балаларды табиғатты сүюге, оны аялауға және таза ортаны сақтау маңыздылығын түсінуге жетелейді.