турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Қарттар күні!

1 қазан – Қарттар күні. Бұл күнде біз үлкендерге құрмет көрсетіп, олардың еңбегі мен тәжірибесін бағалаймыз.

Мектебімізде де осы мерекеге орай игі шара өтті. Біз мектебіміздің зейнеткер ұстаздарын құттықтап, оларға жылы тілектерімізді білдірдік. Ардақты ұстаздарымызға гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталып, оқушылар өлеңдер оқып, ән шырқады.

Бұл шараның мақсаты – ұстаздарымыздың еңбегін дәріптеу, оларға алғыс айту және жас ұрпаққа үлкенді сыйлаудың үлгісін көрсету.

Қарттар – біздің қазынамыз, ал ұстаздар – әрқашан жүрегіміздің төрінде!