турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Инаугурация рәсімі

Бүгін біздің мектепте маңызды әрі салтанатты іс-шара — мектеп президентінің инаугурация рәсімі өтті. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Жаңа сайланған мектеп президенті — Нүптеке Кәусар. Рәсім барысында ол ант беріп, өз міндетін адал атқарып, мектеп өмірін жақсартуға және оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетуге уәде етті.

Сонымен қатар, осы күні министрлер де сайланды. Олар өз салалары бойынша жауапты қызметтерді атқаратын болады.

Барлық ұстаздар мен оқушылар Нүптеке Кәусарды және жаңа министрлер құрамын шын жүректен құттықтайды!
Жаңа командаға табыс пен белсенді жұмыс тілейміз!