Интеллектуалды квест
Интеллектуалды квест – Тілдер апталығының жарқын сәті
Мектебімізде дәстүрге айналған Тілдер апталығы аясында қызықты әрі танымды интеллектуалды квест ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың түрлі тілдерге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Квест барысында қатысушылар бірнеше бекеттерден өтіп, әр бекетте түрлі тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалды. Оқушылар мақал-мәтелдерді аударып, ребустар мен жұмбақтарды шешіп, шет тілдерінде сөйлемдер құрастыру арқылы өз білімдерін көрсетті.
Әр топ белсенділік танытып, тапқырлық пен ұйымшылдықтың жоғары үлгісін көрсетті. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай интеллектуалды ойындар оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, достық пен ынтымақтың да негізін қалайды. Тіл – ұлттың жаны, ал оны құрметтеу – әрбір оқушының абыройлы борышы.