турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Достық тренингі

Достық – ең асыл сезім

Мектебімізде 5 «А» және 5 «Б» сыныптарының оқушыларына арналған «Достық» тақырыбындағы тренинг өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылар арасында бір-біріне деген сыйластықты, түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру болды.

Тренинг барысында балалар түрлі ойындар мен топтық тапсырмалар орындады. Әр тапсырма достықты нығайтуға, бір-бірін жақсырақ тануға және бірлесе жұмыс істеуге бағытталды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, достық туралы пікірлерімен бөлісті, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Тренинг өте әсерлі өтті. Оқушылар бір-бірімен жақын араласып, ортақ мақсатқа бірге жетудің маңызын түсінді. Мұндай шаралар балалардың бойында достық, қамқорлық және бірлік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырады.