Дарындыға дархан жол!
«Дарындыға – дархан жол»
Мектебімізде «Дарындыға – дархан жол» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл кеш – жыл бойы білім, өнер, спорт және олимпиадалық жобаларда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен олардың жетекшісі болған ұстаздарды марапаттауға арналды.
Іс-шараның мақсаты – дарынды жастардың жетістігін дәріптеу, олардың еңбегін бағалау және ұстаздардың қажырлы еңбегіне құрмет көрсету. Кеш барысында түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорттық жарыстар мен өнер байқауларында топ жарып жүрген оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына үлес қосқан мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік кеш ерекше көңіл күймен өтті. Әсем әндер шырқалып, бишілер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі әсер сыйлады. Жеңімпаздардың жетістіктері көпшілікке үлгі болып, жас буынға мотивация берді.
«Дарындыға – дархан жол» – талант пен еңбектің, білім мен ізденістің мерекесіне айналды. Осындай игі шаралар жас дарындардың қанатын кеңге жайып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады.

