турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Кен байлығы-жерде, Сөз байлығы-елде

«Кен байлығы – жерде, сөз байлығы – елде» атты мақал-мәтел мен шешендік өнер байқауы

 «Кен байлығы – жерде, сөз байлығы – елде» атты мақал-мәтел мен шешендік өнерге арналған байқау жоғары деңгейде өтті. Аталған шараның мақсаты – оқушылардың тіл байлығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шешендік өнерге деген қызығушылығын дамыту болды.

Байқау барысында қатысушылар мақал-мәтелдерді мәнерлеп айтып, олардың мағынасын түсіндіріп, шешендік сөздер арқылы өз ойларын еркін жеткізе білді. Әрбір оқушының сахнадағы сенімділігі мен тілдік шеберлігі көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Бұл – олардың тынымсыз еңбегі мен дайындықтарының нәтижесі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім мен өнер жолында үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!