турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Оқырмандар сайысы – білім мен руханият бәйгесі

 

"Ұлт мақтынышы-Өзбекәлі" атты  ерекше мәнге ие оқырмандар сайысы өтті. Бұл білім мен өнерді ұштастырған тағылымы мол шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталды.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылар өз білімдерін, көркем сөйлеу шеберліктерін және ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқауға қаламыздың мектептерінен, сондай-ақ аудандық білім беру мекемелерінен келген дарынды оқушылар қатысты.

Шараның ерекше қонағы ретінде Санжар Керімбаев қатысып, оқушыларға жылы лебізін білдірді.

Жалпы сайысқа 25 оқушы қатысып, олардың арасынан үздіктер анықталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен үш оқушы жүлделі орындарға ие болып, бірінші, екінші және үшінші орындармен марапатталды.

Бұл сайыс – жас ұрпақты рухани байлыққа баулитын, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды шаралардың бірі. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.