8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде «Ана жайлы…» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл кеш аналар мен ұстаздарға деген құрмет пен алғысты білдіруге арналды.
Мерекелік іс-шараға мектеп мұғалімдері, оқушылары қатысты. Концерт барысында оқушылар аналар туралы әсерлі өлеңдер оқып, әсем әндер орындады. Сонымен қатар, би билеп, шағын көріністер қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әсіресе, анаға деген махаббат пен құрметті жеткізген жылы сөздер мен жүрекке жететін әндер көрермендердің көңілін толқытты. Оқушылар аналардың еңбегін, мейірімін және өмірдегі ерекше орнын атап өтті.
Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі барлық аналар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт және отбасыларына амандық тіледі.
Осындай тәрбиелік мәні зор кештер оқушыларды үлкендерді құрметтеуге, ананы қадірлеуге тәрбиелейді. Мерекелік концерт барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.


