Бүгін 8-11 сынып оқушыларына лекция өткізілді
Бүгін мектебімізде 8-11 сынып оқушылары үшін жасөспірімдер істері жөніндегі учаскелік инспектор лейтенант Абдрахилова Дильноз Бахтияровна және учаскелік инспектор Сапаров К.К. лекция өткізді.
Лекция барысында инспекторлар оқушыларға құқықтық тәртіптің маңызы, заңға бағыну, жеке қауіпсіздікті сақтау және интернеттегі қауіпсіздік туралы айтып берді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарына тоқталды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдерге жауапкершілік сезімін арттыруға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

