"Адал ұрпақ" еріктілер клубының іс-шарасы
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен оқушылар арасында адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ерекше іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды адалдық пен жауапкершілікке баулу, өз ісіне және айналасына адал болудың маңызын ұғындыру.
Шара барысында арнайы үстелге 30 дәптер қойылып, қасына ақша салатын ыдыс орналастырылды. Оқушыларға ешкімнің бақылауынсыз дәптер алып, ақшаны өз еркімен ыдысқа салу ұсынылды. Бұл арқылы олардың адалдық деңгейі мен ар-ождан сезімі байқалды.
Іс-шара мақсаты оқушылар адалдықтың — адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін түсіну. Осындай бастамалар арқылы жастардың бойында әділдікке, сенімділікке және адалдыққа деген құрмет қалыптасады.
