«Мектепке жол»
Жаңа 2025–2026 оқу жылы қарсаңында мектебімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы, оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Осыған орай, Сіздерді аталмыш шараға қатысып, балалардың мектепке баруына ортақтасып, қолдан келген көмегіңізді көрсетуге шақырамыз.
Сіздің қайырымдылық қолдауыңыз балалардың білім алу жолындағы маңызды қадамына зор үлес қоспақ.
Байланыс телефоны: +7 778 837 5938