турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

ДЕНІ САУ ҰЛТ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛАДЫ

            Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады.  Осы қағиданы берік ұстанған мектебіміздің басшылығы болашақ ұрпағымыздың  ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Сол игілікті істің бір көрінісі - мектеп жанынан ашылған күрес залы. Оқушылардың бұлшық еттерін дамытуға арналған бірнеше қызмет атқаратын тренажер жабдықтары алынды. Заманауи үлгіде жабдықталған күрес залы – «Ұлттық ойын – ұлт игілігі» екендігін насихаттап, мектебіміздің  спортқа жаны құмар оқушыларының сүйікті мекеніне айналды. Ынтамен айналысқан істің нәтижесі де жоқ емес. Қалалық облыстық қазақша күрес сайысының жүлдегерлері атанып, республикалық додаларға жолдама алған спортшыларымыз да баршылық.  

 

         Спорт саласында жұлдызы жанған шәкірттердің бапкері, дене шынықтыру пәні мұғалімі Мукушев Нұрбек Серікұлы бастамасымен халықаралық ірі жарыстарда топ жарып жүрген, ел мақтаныштары Мұхит Тұрсынов, Ардақ Назаровтармен онлайн – кездесулар өткізіп, оқушылардың спортқа қызығушылықтарын арттырды. «Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Танымал спортшылармен әңгімелесе отырып, өзіме үлкен мотивация алдым. Дені сау ұлт тәрбиелеуде дене шынықтыру, спорт саласының бір түрі - «Садақ ату»  үйірмесін ашуды жоспарладым.  Себебі, садақты дәлдеп ату баланы шыдамдылыққа, жүйке мықтылығына, ой жинақылығына бағыттайды». Осы мақсатта мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап,  «Садақ ату» үйірмесі де өз жұмысын бастап та кетті.                                                  

        Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол, шымыр, шыныққан, жан – жақты, мықты оқушыны баптап, дайындауда  жасалған игі істердің  бастау алуы – ұстаздардың қажырлы еңбектерінің жемісі, мектеп басшылығының қолдауының жемісі.