турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

27.04.2024. «Кішкентай ханзада» қойылымы

Ақпанның 27 жұлдызында «Зерде» мамандандырылған мектеп лицейінде  тұңғыш рет «Ақ белес» театр-студиясы француз жазушысы Антуан де Сент Экзюперидің шығармасы желісіндегі «Кішкентай Ханзада» атты музыкалық-хореграфиялық премьерасын көрерменге ұсынды. Бұл қойылым мектебіміздің 20-жылдық мерейтойына арналған алғашқы іс-шара болып табылады. Қойылымды тамашалауға ардагер ұстаздарымыз атап айтар болсақ «Зерде» мектебінің негізін қалаушысы, Қазақ КСР-і «Оқу ісінің үздігі» Нағима Сапарқызы келді.

Нағима Сапарқызы өз сөзінде:
- «Бұл қойылымның бала бойына сіңіретін тұлғалық философиялық үлкен мән жатыр. Осы қойылымды дайындаған режиссер Слобожанская Паруза Кайдаровнаға өз алғысын білдірді. «Ақ белес» театр-студиясын республика деңгейінде көргісі келетінін осымен тоқтап қалмауын тіледі.»

WhatsApp Image 2024 02 28 at 17.04.30

Қойылымның мақсаты бала бойына тұлғалық қасиетін өнер арқылы қалыптастыру. Әлемдік, туған ел, мәдениетін сыйлау, бағалау. Шығармашылыққа баулу, адами құндылықтарды бала бойына шығармашылық арқылы сіңіру.

«Кішкентай ханзада» премьерасының басты кейіпкері 6Б-сынып оқушысы Ерланұлы Диастан өз кейіпкері туралы сұрағанымда:

  • өзімнің кейіпкерім қатты ұнады, бұл қойылымға өте ұзақ дайындалдық көрермендерге ұнағанына сенімдімін және басты рөлді сомдағаныма қатты ризамын! – деп айтты.

         Қойылым соңында мектеп басшысы Нұржан Бахриденұлы театр-студия жетекшісі «Кішкентай-ханзада» қоюшы режиссер Слобожанская Паруза Кайдаровнаға өз алғысын білдіріп, қойылымға қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады.

Сөзімді қорытындылай кетсем, «Өнерге әркімнің бар таласы» демекші қойылымдағы кейіпкерлерді сомдаған әр оқушының көздерінен «Кішкентай ханзада» қойлымындағы жарқыраған жұлдыздарды көрдім. Әр оқушы өз кейіпкерлерін бойларына сіңіріп, жоғары деңгейде сомдап шықты. «Ақ белес» театр-студиясына шығармашылық табыс тілеймін. Келесі қойылымдарын асыға күтемін.

                                                                                                             Нұрназ Сайлауханқызы