2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында мектепте жүргізілген оқу-тәрбие жұмысы және  материалдық базаны нығайтуға байланысты мектеп директорының есебі

Мектеп жаңа оқу жылын 37 пән мұғалімі, 18 сынып комплектісі,  416 оқушымен бастады. Оның ішінде 1-4 сыныптарда 123 оқушы, 5-9 сыныптарда 230, 10-11 сыныптарда 63 оқушы. Мектепте 1 ауысымда оқиды.

Карантин шараларына байланысты оқу жылы қашықтан оқумен басталды. Ата-аналардың өтініштеріне байланысты 1-4 сыныптарда кезекші сыныптар ашылды. Кезекші сыныпқа 116 оқушы қабылданды. Әр сынып екіге бөлініп оқытылып жатыр. Санитарлық талаптарды сақтау үшін алынған материалдық активтер:

Бюджеттен тепловизор, антисептик, кварцтық лампа, маскалар алу үшін 349364 т жұмсалды.

Қамқоршылар кеңесі қаражатынан 4 дана кварцтық лампа 80 000 т, дизковриктер 10 дана – 45000 т алыны.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін уақытша қолдануға 45 оқушыға 14 мұғалімге компьютер берілді. Оқушылар мен мұғалімдер толық интернетпен қамтылған. Аз қамтылған 1-оқушыға спонсор есебінен интернет трафигі деп сатып алынды.

Материалдық техникалық базаны нығайтуға

байланысты жүргізілген жұмыстар.

 

Жаз айларында барлық кабинеттер сыланып, сырланды. № 105, 313, 203, 301 кабинеттердің қабырғалары, төбесі түзетілді, барлығы  1 106 244 теңге қаржы жұмсалды. 130 000 теңгеге мектеп төбесі ағымдағы жөндеуден өтті.

№105 робототехника, 313 технология кабинетіне 305 000 т шкафтар жасалынды.

Мектеп жертөлесіне кіші спорт залын жасау үшін мектептің техникалық паспортына өзгеріс енгізілді, қосымша 220 шаршы метрге мектеп ауданы өсті. Мектептің жертөлелерінде орналасқан спорт залына, тирге жылу жүйесі тартылды, оған 517 500 теңге бөлінді. 277 500 пластик терезелер, есіктер салынды. 94577 теңге светильниктер сатып алынып, орнатылды. 144 шаршы метр еденге төсеуге 999936 теңгеге спорттық линолиум сатып алынды. 

Жаз айында жертөледе орналасқан спортзалының  қабырғасын, төбесін сылауға 1755 000 теңге бөлінді. Өкінішке қарай мердігерлер жұмысты аяқтамай, олармен келісімшарт бұзылды. Мектептің даму қорынан қосымша 277 000 ақша бөлініп сылау жұмыстары аяқталды. 

 

Химия кабинеті  4 751 000 т толық жабдықталды. 201488 теңгеге проектор және экран, мұғалімдер бөлмесіне 40208 теңгеге лазерлік принтер алынды. 30 екі орындық, 13 бір орындық оқушыларға арналған  парталар мен орындықтар және мұғалімдер бөлмесіне 10 орындық алуға 990 951 теңге жұмсалды.

3 дана су диспансері 119700 т алынды.

Бухгалтерияға 2 дана моноблок 662 000 т алынды.

7 дана компьютер 1 329 900  т алынды.

Кітапхана жұмысын автоматтандыру үшін 165 600 бағдарлама сатып алынды. Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасының Айырбас-резервтік қорымен кітапханашы байланыс орнатып, мектепке 35 дана құнды кітаптар әкелді.

Жаз айында қамқоршылар кеңесі қаражатына гүлдер мен горшоктар, горшокқа арналған құрылғыларға 61045 т алынды. Сынған терезені ауыстыру үшін 21629 т бөлінді. Видесабақтар түсіру үшін 8000 т микрофон алынды.

 

Педагогикалық кадрлар

Мектеп педагогикалық кадрлармен толық қамтылған. Мектепте 37 пән мұғалімі қызмет атқарады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша:

Тамыз айында 3 мұғалім –педагог –зерттеуші, 3 мұғалім – педагог – модератор категориясын алды.

Педагог шебер

2

 

Жоғары

25

Педагог зерттауші

21

 

Бірінші

6

Педагог сарапшы

5

 

Екінші

4

Педагог модератор

4

 

Категориясыз

2

 

Оқушылар қатысқан конкурс-сайыс нәтижелері

  • Сәуір айында өткен облыстық Махамбет оқуларында 9а сынып оқушысы Амантаев Ислам ІІІ орын алды. Пән мұғ: Қапашева Қ.Қ

 

  • Мамыр айында «Ерлікке тағзым» облыстық шығарма байқауында 7а –сынып оқушысы Оразбекова Алина ІІІ орын, Пән мұғ: Дусупова А.Ә

 

  • Тамыз айында А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай лебі, Абай үні» атты онлайн форматта онкүндік өтті. Онкүндікке 20 оқушы қатысып, ақын қарасөз, өлең, әндерінен видеослайттар мектеп парақшасында жарияланды.

 

  • Қыркүйек айының соңында өткен Республикалық «Абай салған сара жол» онлайн байқауында 5-сынып оқушысы Ағзап Аружан  Бас жүлде жеңіп алды.  /п.м: Сыздықова С.А/

 

  • Қыркүйек айында «Тұғырлы тіл» апталығы, қазан айында «Мағжан оқулары» өткізілді.
  • 1-7-сынып «Зерде» ғылыми жобалар сайысына 14 оқушының, 8-11-сынып  ғылыми жобалар сайысына 17 оқушының жұмысы жіберілді;
  • Қыркүйек айында өткен облыстық өнертапқыштыққа алғашқы қадам» жаңа идеялар байқауында 11-сынып оқушысы Ақылбек Санжар ІІ орын, 10-сынып оқушысы Якупов Ерназар ІІІ орынды иеленді. Дайындаған пән мұғалімі: Калиев М.М
  • «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар облыстық конкурсына 4 оқушы қатысып, 9б сынып оқушысы Қуспекова Амина ІІІ орын алды, Дайындаған пән мұғалімі:Темирханова Ә.Б
  • Қалалық «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде мектебіміздің «Ақиқат» дебат клубы мүшелері /11-сынып/ өте тамаша, тартысты ойын көрсетіп, толық нұсқасы ютуб қаналында жүктелді. Жетекшісі: Нуртаева Н.Қ
  • Мектепішілк 5-6-сыныптар бойынша пән олимпиадасы 6 пәннен ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Мектептің 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

 

Биылғы оқу жылынан бастап жаңа мектептің даму бағдарламасы құрылды.

Бағдарлама мақсаты:

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушы бойында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру.

Мектеп тақырыбы:

«Зерде» мектебі - жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушы бойында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастырушы орта.

 

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету
  2. Педагогикалық ұжымының кәсіби біліктілігі деңгейін арттыруға жағдай жасау
  3. Бейіналды дайындық пен бейіндік оқыту жүйесін құру
  4. Балалар денсаулығын сақтау және нығайту бойынша мектептің жұмыс жүйесін жетілдіру
  5. Оқыту қызметінде және оқудан тыс қызметте заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға жағдай жасау
  6. Оқушылардың өзіндік ғылыми-зерттеу, ізденушілік, жобалау қызметіне жағдай жасау
  7. Тәрбие ісі және қосымша білім беру жүйесін жетілдіру.
    Негізгі және қосымша білім беру ықпалдастығын күшейту.
  8. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес білім беру мен кәсіптік даярлаудың сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ету
  9. Мектепті басқару жүйесін жетілдіру
  10. Әлеуметтік серіктестікті дамыту
  11. Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру

 

Жаңа 2020-2021 оқу жылының мақсат – міндеттері былтырғы оқу жылынан байланысты мәселелерді шешу және даму бағдарламасының 1-кезеңінің міндеттерін орындауды қамтиды.

 

Назарларыңызға рақмет!