Қанатты сөз құдіреті
Қанатты сөздер құдіреті Абай есімі туған елінде ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі екені сөзсіз. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойлануда. Осыған орай, «Зерде» мектебінде де 25-28 ақпан аралығында Абай оқулары ерекше форматта өтті. Осы іс шараға бастауыш сыныптан бастап 11 – сынып оқушыларына дейін қамтылды. Абай оқуларының өтуіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні тереңдетіліп оқылатын 9 а сынып ұжымы 1-қабатты ақынның қанатты сөздерімен безендірді. Оның ерекшелігі қанатты сөздердің әуеде қалықтап тұруы болды. Бұл көрініс мен үшін ақ қанатты құстар әуеде қалықтап жүргендей әсер қалдырды. Әр сөздің сырына үңіліп, тұшынып оқыған оқушылар толғаныста болдық. Ал Абай оқуларының соңғы күні тіпті әсерлі болды десек артық емес деп ойлаймын. 11 а сыныбы ұжымы бесінші сыныптан бастап жинақталған жыр қоржындарымен бөліскені Абай оқуларының мазмұнын әрлендіріп жібергендей болды. Жыр жинақтарын мектеп мұражайына сыйлыққа тарту етті. Осындай үлгілі істен кейін оқуға қатысып отырған әр үміткердің ынтасы арта түскені көрермен залының сілтідей тынуынан – ақ аңғарылып тұрды. Сұлтан Сабина 8 а сынып
Оқушы үні
Абай оқуларына қосқан үлесім
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Ардақты ақын Абай қараңғы заманда шырақ жаққан, терең мағыналы сөзі атадан балаға, немереден шөбереге беріліп отырған. Халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасқан. Биыл біздің Абай атамыздың жүз жетпіс бес жылдығы тойлануда. Осыған орай, мектеп қабырғасында өтетін Абай Құнанбаевқа арналған іс шаралар ұйымдастырылуда. Біз мамандандырылған “Зерде” дарынды балаларға арналған мектеппіз. Бізде әр жыл сайын Абай оқуларының өткізілуіне шын қуаныштымын. Біздің мектепте Абай оқуларына елуге жуық оқушы қатысты. Менің ойымша, әрбір қатысушы жүлделі орынға лайық, себебі, Абай Құнанбаевтың өлендерін, қара сөздерін, поэмаларын жаттау қалағанның қолынан келе бермейді. Мен үшін қазақты тану үшін Абайдың өлеңдерін жаттап, қара сөздерін оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану – қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Мен өзім Абай атамыздың өлеңдерін оқып, қара сөздерін естіп өскенмін. Өйткені әрдайым менің атам, Абайдың нақыл сөздерін өмірмен байланыстырып, менің әр мүлт кеткен қадамым үшін оның сөздерін айтып дұрыс жолға түсірген. Абайды тану – Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білемін. Мен осы жылы кішкентай болса да Абай оқуларында өз үлесімді қосқаным үшім қуаныштымын. Қорытындылай келе, әр жыл сайын Абай оқуларының өтуін мақтан тұтам. Себебі, Абай секілді ақын жоқ. Абай кім десе жауап бермейтін адам жоқ. Қазақтың мақтанышы, жарық жұлдызы Абай Құнанбаев бізді бес нәрсеге сай болуға, без нәрседен қашық болуға үйретті. 11 а сынып оқушысы Мұхамедов Бақберген
Ғылым сапарындағы қола медаль
Ғылым жолы - ашықтық пен ақиқат жолы. Алматы қаласында өткен биылғы оқу жылындағы оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсы осы мақсатта онлайн режимде өтті. «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы төрт бағыт бойынша жүргізілді. Ғылыми жобалар конкурсына 14 облыс, Алматы, Астана, Шымкент ққ. және республикалық білім беру ұйымдарынан 737 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің 49 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 34 жобамен қатысты. Павлодар облысының командасы 3 алтын, 15 күміс, 11қола медальға ие болды. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары» бағытының адам және қоғам секциясында бақ сынаған мектебіміздің 9-сынып оқушылары Айгүл Ержанова мен Аяулым Сейтказина қола жүлдемен оралып, жеңіске жетті. Жеңіске жету жолы туралы Айгүл мен Аяулым былай дейді: «Ғылыми жобамыздың тақырыбы: «Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы қайырымдылықтың рөлі». Бүгінгі таңда оқытудың жаңа әдістері, технологиялардың қарқынды дамуы, тығыз графиктер жасөспірімдер арасында ішкі жан дүниесінің бұзылуына әкеледі. Олардың бос уақытын тиімді өткізбеуі салдарынан қылмыс жасауы көбеюде. Осы өзекті мәселені шешудің бірден – бір жолы жолы – қайырымдылық деп шештік. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының ерікті істерімен жалғасып келеді. Ерікті түрде «Бір үйдің баласындай» атты қайырымдылық концерттер ұйымдастырып, 300-ге тарта жасөаспірімдерді қайырымдылық жасауға тарттық. Әлеуметтік желі арқылы милық салдануға ұшыраған Загитова Айшаға 113 00 теңге және Лейкемия ауруына шалдыққан Темиров Арманға 192 200 т. қаржылай көмек көрсеттік. Еліміздің Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы Волонтер /Еріктілер/ жылы деп жариялады. «Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз» -деген еді. Сондықтан қазіргі жағдайда жасөспірімдер арасындағы қайырымды іс жасау мәселесінде біздің атқарған ісіміздің көмегі зор болды. Осы жолға біздің ісімізді мақұлдап, қолұшын созған «Достық үйі» мәдениет орталығының директоры Зауреш Сагидуловна, жасөспірімдер мен жастармен жұмыс атқаратын әдіскер Айдана Мухадатовналар, жастар кеңесі мүшелері мен ғылыми жетекшіміз Исабаева Гүлсара Бекенқызына алғыс айтамыз». Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар – бүгінгі жасөспірімдер. Болашақтың тізгінін ұстайтын жасөспірімдердің атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты екендігін дәлелдеген жұмыстың еленгені мектеп ұжымын зор қуанышқа бөледі.
Абай үні ұрпақтар зердесінде
Қаңтар айының 21-23-і Алматы қаласында өткен ІІ республикалық Абайтану олимпиадасында еліміздің әр өңірінен ілімі мен білімі жоғары жүзден жүйрік 122 оқушы (9-11-сынып) ақын шығармашылығы бойынша білімдерін сарапқа салды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар ақынның қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазды. Екінші кезеңде М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырды. Роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтар арқылы оқушының логикалық ой өрісі, сөйлемге кешенді талдау жасауда грамматикалық сауаттылықтары тексерілді. Облыс намысын қорғауға қатысқан алты оқушының екеуі мектебіміздің 9,10-сынып оқушылары М.Қасқырбаев пен Н. Әбікен білім бәйгесінде жүзден жүйрік танылды. Мұхаммед ІІ орынды жеңіп алса, Нурила Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық «Дарын» орталығының сыйлықтары смарт – сағат және танымдық әдебиет кітаптары тарту етілді. Абай мұрасын зерттеп –зерделеуде терең біліммен қаруландырған ұстаздары А. Дүсіпова, Н.Нұртаева, Г. Исабаеваға Алғыс хат берілді.
2 бет. Барлығы: 3